adilettv

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ: ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТ- ҚАУІПСІЗ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Заң клиникасы аясында «Заң мен Тәртіп» тақырыбында студенттермен маңызды кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын түсіндіру және құқық бұзушылықтың алдын алу.
Іс-шара барысында студенттерге:
– заң талаптары мен жауапкершілік түрлері,
– есірткі қылмысы үшін көзделген жазалар,
– құқық бұзушылықтың салдары және одан сақтану жолдары жан-жақты түсіндірілді.
Cеминарға Шымкент қаласының Әділет департаменті, Полиция департаменті, Адвокаттар алқасы, Жастар ресурстық орталығының өкілі және 300-ден астам студент қатысып, сала өкілдері жастармен ашық пікір алмасты.
Заңды білу – жауапкершіліктен қашу емес, керісінше өз болашағыңды қорғау. Әрбір құқық бұзушылықтың салдары бар екенін жастар ерте түсінуі тиіс. Құқықтық сауаттылық – құқықтық мемлекеттің негізі. Заңды білген жас – өз құқығын қорғай алатын саналы азамат екендігін жиын барысында мамандар баса атап өтті.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«Таза Қазақстан» объединила миллионы ради экологического будущего

AdiletTV

Қазақстанның «ішкіш» адамдар көп тұратын өңірлері белгілі болды

Ресейдегі бүлік аяқталды: Пригожинді енді не күтіп тұр?

Пікір қалдырыңыз