adilettv

ОҚУШЫ МЕКТЕПТЕ БАЛТА АЛА ЖҮГІРГЕН

Атырау облысында мектеп оқушыларының арасында орын алған жанжал мен қару(балта) қолдану дерегіне қатысты құқық қорғау органдары ресми мәлімдеме жасады.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде қолына балта ұстаған жасөспірімнің оқу орнының дәлізінде өзге баланы қуып жүрген бейнежазбасы тараған болатын. Куәгерлердің айтуынша, шабуылдан қашқан оқушы сынып бөлмесіне жасырынып үлгерген.
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 5 ақпан күні Құлсары қаласындағы мектептердің бірінде болған. 10-сынып оқушысы құрдастарымен ерегісіп, соның салдарынан оларға шабуыл жасаған. Оқиғадан кейін күдікті мектеп аумағынан қашып кеткенімен, жедел іздестіру шараларының нәтижесінде құрықталды. Ресми ақпаратқа сәйкес, екі оқушы жеңіл дене жарақатын алған.
Қазіргі таңда бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, 15 жастағы жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар ол ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне қойылды.
Полиция өкілдері жағдайға қатысты: «Оқиғаға қатысушылар мен олардың ата-аналары полиция бөліміне жеткізілді. Сондай-ақ жасөспірімнің ата-анасына қатысты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды», – деп хабарлады.
Бұдан бөлек, білім беру саласының жауапты мамандары мен құзырлы органдар мектептегі қауіпсіздік режимінің сақталуын тексеріп жатыр.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

2025 жылы Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, баға мониторингі және тұтынушылар құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді

AdiletTV

ЕҢБЕКҚОР ӘЙЕЛДЕР – ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

AdiletTV

ҚАЗАҚСТАНДА БІРҚАТАР ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ БАҒАЛАРЫ ТӨМЕНДЕДІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз