23.3 C
Shymkent
10 октября, 2026
adilettv

ОҚУШЫ МЕКТЕПТЕ БАЛТА АЛА ЖҮГІРГЕН

Атырау облысында мектеп оқушыларының арасында орын алған жанжал мен қару(балта) қолдану дерегіне қатысты құқық қорғау органдары ресми мәлімдеме жасады.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде қолына балта ұстаған жасөспірімнің оқу орнының дәлізінде өзге баланы қуып жүрген бейнежазбасы тараған болатын. Куәгерлердің айтуынша, шабуылдан қашқан оқушы сынып бөлмесіне жасырынып үлгерген.
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 5 ақпан күні Құлсары қаласындағы мектептердің бірінде болған. 10-сынып оқушысы құрдастарымен ерегісіп, соның салдарынан оларға шабуыл жасаған. Оқиғадан кейін күдікті мектеп аумағынан қашып кеткенімен, жедел іздестіру шараларының нәтижесінде құрықталды. Ресми ақпаратқа сәйкес, екі оқушы жеңіл дене жарақатын алған.
Қазіргі таңда бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, 15 жастағы жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар ол ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне қойылды.
Полиция өкілдері жағдайға қатысты: «Оқиғаға қатысушылар мен олардың ата-аналары полиция бөліміне жеткізілді. Сондай-ақ жасөспірімнің ата-анасына қатысты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды», – деп хабарлады.
Бұдан бөлек, білім беру саласының жауапты мамандары мен құзырлы органдар мектептегі қауіпсіздік режимінің сақталуын тексеріп жатыр.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ СТАЛКИНГ ЖАСАҒАН ЕКІ КҮДІКТІ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Admin

О ПРОВЕДЕНИИ АНТИТЕРРОРИСТИЧЕСКОГО УЧЕНИЯ В Г. ШЫМКЕНТ

Admin

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ТИІМДІ БАСҚАРУ: ШЫМКЕНТТЕГІ АВТОБУСТАР ПАРКІ МЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫН АРТТЫРУ

Admin

Пікір қалдырыңыз