24.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
adilettv

ШЫМКЕНТТЕ ТӘЖІК-АУҒАН ШЕКАРАСЫ ҚАҚТЫҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ ҚАРУЛАСТАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ

Биыл тәжік-ауған шекарасынан қазақстандық жеке құрамдағы атқыштар батальонының шығарылғанына 25 жыл толды. Осыған орай Абай саябағында Тәжік-Ауған шекарасындағы қақтығыстарға қатысқан ардагерлер қаруластарын еске алды. Іс-шараға қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы, полковник Әбдіғабит Шегебаев, қалалық «Қарулы күштері ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, отставкадағы полковник Серікбай Онбаев қатысып, көпшілік бейбітшілік жолында ерлік танытқан жауынгерлерге тағзым етті.
– Шымкент қаласында тәжік-ауған шекарасына аттанған 325 сарбаз тіркеліп, оның 324-і аман-есен елге оралған. Біз жыл сайын Абай саябағында Тәжік-Ауған шекарасында қаза болған сарбаздарға арналған ескерткіш алдына жиналып, еске аламыз, рухына құран бағыштаймыз. Қазақстандық батальон Тәжік-Ауған шекарасында 1993-2001 жылға дейін қызметін абыроймен атқарды. 2020 жылдың 3 мамырында Мемлекет басшысы бізге «Тәжік-Ауған шекарасындағы қақтығыстың ардагері» мәртебесін берді. Бүгінде біз қоғамдық бірлестік құрып, түрлі іс-шаралар өткізіп тұрамыз, — деді тәжік-ауған ардагерлерінің Шымкент қалалық филиалы төрағасы Әбдіғаппар Мұсабайұлы.
Айта кетсек, аталған бірлестік Шымкент қаласының мектептерінде жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіп жүр. Тәжік-Ауған шекарасындағы қарулы қақтығысқа 8,5 мың қазақстандық сарбаз қатысып, өздерінің интернационалдық және жауынгерлік борыштарын адал атқарып шықты.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ: ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ШАРАЛАР

AdiletTV

В АСТАНЕ ПОДВЕЛИ ИТОГИ РАБОТЫ КОАЛИЦИИ В ПОДДЕРЖКУ ИСТОРИЧЕСКОГО РЕФЕРЕНДУМА

AdiletTV

ШЫМКЕНТ СПОРТШЫЛАРЫ АЗИЯ БІРІНШІЛІГІНДЕ ҮЗДІК НӘТИЖЕЛЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз