adilettv

АҚТАУДА ИТТІ ТІРІДЕЙ ӨРТЕМЕК БОЛҒАН

15-шағынауданда біреулер ауладағы иттің күркесін өртеп жіберген. Тұрғындардың айтуынша, өрт түнде ит ұйықтап жатқан кезде болған.
Тұрғындар отты өз күшімен сөндіріп, жануарды құтқарып қалған. Алайда үйшігі толығымен жанып кеткен.
Тұрғындардың сөзінше, оқиға 7 ақпаннан 8 ақпанға қараған түні болған. Олар жанып жатқан күркені байқап, бірден сыртқа жүгіріп шыққан.
«Әркім қолындағысымен – шелектермен, бес литрлік бөтелкелермен сөндірдік», – дейді тұрғындар.
Өкінішке қарай, иттің үйшігі толығымен жанып кетіп, қалпына келтіруге жарамай қалған. Ал жергілікті тұрғындар еркелетіп итті Кирюша деп атайды.
Кирюша үйренген орнын тастамай, өрттен кейін де үйренген жерге қайта оралған.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері келген. Өрт фактісі тіркелген. Тұрғындардың айтуынша, арыз жазылған, алайда әзірге тергеу нәтижелері жоқ.
«Әрине, бұл өте қорқынышты. Бұл – нағыз жабайылық. Қалайша адамдар осыншалықты қатыгез бола алады?», – дейді ит тұрған үйдің тұрғындары.
Кирюша бұл ауданда шамамен бір жыл бұрын пайда болған. Бұрын оның иесі болған. Бірақ белгісіз себептермен көшеде қалған. Тұрғындар оған күрке орнатып, тамақтандыра бастаған.
Итке күн сайын онымен серуендеп, теңіз жағасында тамақтандыратын ерікті қыз келіп тұрады. Сондықтан күрке маңында антисанитарлық жағдай жоқ.
Кирюша стерилизациядан өткен, құлағында белгі-таңбасы бар. Тұрғындар оны сабырлы әрі мейірімді ит ретінде сипаттайды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

УНИВЕРСИТЕТТЕГІ АҚША ЖЫМҚЫРУ СХЕМАСЫ ӘШКЕРЕЛЕНДІ

AdiletTV

Шымкент қаласы: Абай АПБ отбасындағы татулықты сақтау мақсатында бірқатар түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді.

AdiletTV

ӨНЕРДІҢ ҰЛЫ АНАСЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз