adilettv

«ПИД…СЫ ЖӘНЕ ЧЕБУРОДТАР»:ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХОККЕЙШІЛЕРДІ БАЛАҒАТТАҒАН РЕСЕЙЛІК КОММЕНТАТОР ЖАЗАЛАНДЫ

Омбы қаласында ресейлік комментатор Максим Гречанин қазақстандық «Астана» балалар хоккей командасындағы ойыншыларды қорлағаны үшін айыппұл арқалады.
Бұл туралы Омбы облысының соты мәлімет таратты. Прокуратура Гречанинге қатысты Ресей Федерациясы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 20.3.1-бабы (ұлты мен шығу тегіне байланысты адамдар тобының қадір-қасиетін көпшілік алдында кемсітуге бағытталған әрекеттер) бойынша әкімшілік іс қозғаған.
Куйбышев аудандық сотының мәліметінше, 5 қаңтарда «Авангард» хоккей академиясында «Сибирь» мен «Астана» хоккей командалары арасында турнир өткен. Гречанин матчтың тікелей трансляциясы жүріп жатқан кезде телефон арқылы қазақстаннан келген жас ойыншыларды балағаттаған. Турнирден кейін Михаил Гречанин, турнир ұйымдастырушылары және Ресей хоккей федерациясы кешірім сұраған.
Гречанин жауапқа тартылып жатса да, сот отырысына қатыспаған. Сот оған 10 мың рубль (64 мың теңге) көлемінде айыппұл салды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы: полицейлер жасөспірімдермен Буллинг пен нашақорлықтын алдын алу бойынша іс-қимыл жөніндегі профилактикалық кездесу өткізді

AdiletTV

Утерянную сумку с полумиллионом тенге вернули владельцу патрульные в Шымкенте

AdiletTV

Халықаралық олимпиадаларға Қазақстан атынан барған әрбір екінші қатысушы жүлделі орынмен оралды

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз