13.3 C
Shymkent
12 октября, 2026
adilettv

ПЕТРОПАВЛДА ТЕРЕЗЕДЕН СЕКІРГЕН 18 ЖАСТАҒЫ ЖАСӨСПІРІМНІҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР

Жасөспірім бел омыртқасы мен өкшесін сындырып, облыстық ауруханаға ауыр халде жеткізілген. Ол бастапқыда жансақтау бөліміне жатқызылып, кейін травматология бөлімшесіне ауыстырылды.
Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиеваның айтуынша, науқастың жағдайы әлі де тұрақты ауыр.
«Бірақ өздігінен тыныс алады. Нақты болжам жасауға әзірге ерте. Денсаулығы жақсарса, амбулаторлық емге жіберілуі мүмкін», – деді дәрігер.
Оқиға байланысты «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары істің мән-жайын анықтап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы: Соңғы кездері интернет желісін пайдалана отырып жасалатын алаяқтық құқық бұзушылық фактілері көбеюде.

Admin

УКАЗОМ ГЛАВЫ ГОСУДАРСТВА УТВЕРЖДЕНЫ ОСНОВНЫЕ ПРИНЦИПЫ, ЦЕННОСТИ И НАПРАВЛЕНИЯ ВНУТРЕННЕЙ ПОЛИТИКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Admin

Шымкент: ЕАЭО елдерімен сауда және экспорттық қатынастары

Admin

Пікір қалдырыңыз