adilettv

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШАМАМЕН 200 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ САЛЫНҒАН ЖАҢА ӘКІМДІК ҒИМАРАТЫ ҚИРАП ЖАТЫР

Сайрам ауданындағы Жібек Жолы ауылында әкімдік ғимараты былтыр маусымда салынған.
Алайда қазір апаттық күйде тұр. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіпті болғандықтан, олар әзірге қабырғалары бүтін жаққа көшірілген.

“Әрине, қорқынышты. Күзетшінің өзі түнде бәрі сықырлап, шытынап тұратынын айтады. Соңғы аптада шөгу күшейді, жарықтар үлкейді. Мен маман емеспін, бірақ іргетас дұрыс құйылмаған сияқты”, – деді Жібек Жолы ауылдық округі әкімінің орынбасары Талғат Қамбарбеков.

Жоба 193 миллион теңгеге салынған.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖАҢА ӨМІРДІҢ ЖАРҚЫН БАСТАМАСЫ

Admin

“НАЗАРБАЕВ, КЕТ!” ДЕП ҰРАНДАТҚАН БЕЛСЕНДІ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Admin

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

Admin

Пікір қалдырыңыз