Жетісай ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округіне қарасты Үтіртөбе елді мекенінде Астанада жарақат алған науқастарға шұғыл көмек көрсету барысында ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмған марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанға арнап ескерткіш тақта орнатылды. Туған ауылының ақсақалдарының бастамасымен ауыл амбулаториясына орнатылған ескерткіш тақтаның ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Нұркен Әлмеш пен аудандық мәслихат депутаты Олжас Қаныбеков, Түркістан облыстық жедел жәрдем станциясының басшысы Бақыт Мырзагельдиев пен «Асықата» ауруханасы басшысының орынбасары Ерғали Сопбеков, Ұлдана Мырзуанның анасы Сәлима Ишанқұлқызы мен туыстары, ұстаздары мен ауыл тұрғындары қатысты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
