18.3 C
Shymkent
20 мая, 2026
adilettv

ТҮРКІСТАН: АУЫЛДАСТАРЫ МАРҚҰМ ҰЛДАНА МЫРЗУАНҒА АРНАП ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ОРНАТТЫ

▪️Жетісай ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округіне қарасты Үтіртөбе елді мекенінде Астанада жарақат алған науқастарға шұғыл көмек көрсету барысында ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмған марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанға арнап ескерткіш тақта орнатылды. Туған ауылының ақсақалдарының бастамасымен ауыл амбулаториясына орнатылған ескерткіш тақтаның ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Нұркен Әлмеш пен аудандық мәслихат депутаты Олжас Қаныбеков, Түркістан облыстық жедел жәрдем станциясының басшысы Бақыт Мырзагельдиев пен «Асықата» ауруханасы басшысының орынбасары Ерғали Сопбеков, Ұлдана Мырзуанның анасы Сәлима Ишанқұлқызы мен туыстары, ұстаздары мен ауыл тұрғындары қатысты.

▪️Жас болса да кәсіби адалдығымен көзге түскен және шұғыл жағдайларда өз бетінше шешім қабылдай білген білікті маман Ұлдана Қалдарханқызы 2017-2021 жылдары Астана қаласындағы «Даналық» колледжінде емдеу ісі мамандығы фельдшер біліктілігі бойынша білім алып, оқу орнын үздік дипломмен бітірген. Байқоңыр ауданы жедел жәрдем подстанциясының бригада аға-фельдшері болып жауапты қызмет атқарған
▪️Шара барысында жиналған жұрт кәсіби қызметі жолында әрдайым қауіптің алдыңғы шебінде жүріп, адам өмірін құтқаруды басты мұрат еткен, ерлікпен қаза тапқан Ұлдананың жарқын бейнесін, ел есінде қалған еңбегін және адамдық асыл қасиеттерін тағы бір мәрте еске алды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған ауылдастарына құран бағышталып, дұға жасалды.
▪️Қысқа ғұмырында кәсібіне адалдықтың, адам өмірі үшін күрестегі батылдық пен жанқиярлықтың үлгісін көрсеткен Ұлдана Мырзуанның ерлігі – кейінгі ұрпаққа өнеге. Ауылдастарының бастамасымен орнатылған ескерткіш тақта мен демалыс және спорт аймағына Ұлдананың есімін беру – өткенге тағзым мен ерлікке құрметтің белгісі, елге адал қызмет еткен азаматтардың есімі ұмытылмайтынын көрсететін тағылымды қадам.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ӨСІМДІКТЕР МЕН ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІНІҢ САҚТАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕ ОТЫРЫП, ТУРИСТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ОРНЫҚТЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫН АРТТЫРУ — ОЛЖАС БЕКТЕНОВ БІРҚАТАР ТАПСЫРМА БЕРДІ

AdiletTV

БЛОГЕР ЖАНӘБІЛОВКЕ ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕУ АЯҚТАЛДЫ

AdiletTV

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз