3.3 C
Shymkent
7 марта, 2026
adilettv

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРАДА СӨЗ СӨЙЛЕДІ

Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Ең алдымен, көктемнің шырайлы мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мейрам – мейірім мен жылулықтың, даналық пен сұлулықтың нышаны. Әйел – тіршіліктің тірегі, берекенің бастауы. Бұл – ақиқат. «Бесікті де, әлемді де тербеткен» әйелдің жүрегі – ізгіліктің мекені. Сондықтан әйелдің қадірі – елдің қадірі деп айтсақ артық болмайды.

Бүгін мен Ақорда төрінде Сіздерге және барша Қазақстан әйелдеріне зор ризашылығымды және алғысымды айтамын.

Халқымыз қай заманда да анасын ардақтаған, қарындасына қорған болған, қыздарын сыйлап, төрінен орын берген. Жұртымыз ең киелі құндылықтарға «Ана» сөзін қосып, «Отан Ана», «Жер Ана», «Ана тілі» деп көне заманнан бері айтып келеді. Бабаларымыз «Атадан – өсиет, анадан – қасиет» деген. Осы мағынасы терең дәстүр қазіргі құбылмалы, күрделі заманда міндетті түрде өз жалғасын табуы керек.

Бұл мақсатты орындау – ұрпақтар алдындағы парызымыз. Өйткені ұлтымыздың болмысы, тілі мен ділі, салт-дәстүрі ұрпаққа ананың аялы алақанымен, тағылымды тәрбиесімен дариды».

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ – ТУРИЗМНІҢ ЖАҢА БЕЛЕСІНЕ КӨТЕРІЛГЕН МЕГАПОЛИС

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ ЖАС СПОРТШЫЛАРҒА ҮЛКЕН ҮЛКЕН МҮМКІНДІКТЕР ЖАСАЛУДА

2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жастар практикасы бойынша 21,5 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз