14.3 C
Shymkent
19 марта, 2026
adilettv

ҚАРАҒАНДЫ–БАЛҚАШ ТАС ЖОЛЫНДА ЖАНТҮРШІГЕРЛІК ЖОЛ АПАТЫ: ҮШ АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

2026 жылғы 18 наурыз күні Қарағанды–Балқаш тас жолы бойында ірі жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан үш адам көз жұмды.

Қайғылы жағдай Астана – Қарағанды – Алматы автожолының бойында, Ақшатау ауылы маңынан шамамен 40 шақырым жерде болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Chevrolet Cobalt автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі бұрылыс кезінде рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегінен шығып кетіп, аударылған.

Апат салдарынан жүргізуші мен көлікте болған екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын бақылауда ұстап отыр.

Оқиғаға қатысты кадрлар әлеуметтік желілерде тарады. Бейнежазба авторы жүргізуші рөлде қалғып кеткен болуы мүмкін деген болжам айтса, кейбір желі қолданушылары жолдың тайғақ болғанын алға тартып отыр. Алайда бұл нұсқалар ресми түрде расталған жоқ.

Аталған дерек бойынша Қарағанды облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта жол апатының нақты себептері анықталып, тиісті сараптамалар жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мәліметінше, елде жыл сайын орта есеппен 2500-ге жуық адам жол-көлік оқиғалары салдарынан қаза табады. Мамандар жүргізушілерді жолда барынша сақ болып, жылдамдық режимін сақтауға және ұзақ сапар кезінде демалыс тәртібін қатаң ұстануға шақырады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

БИЫЛ 1 МИЛЛИОННАН ШАРШЫ МЕТРДЕН АСТАМ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК

AdiletTV

АРЫСТАН ЖҮРЕКТІ ТӘШЕНОВ ЕДІ…

AdiletTV

«МЕЙІРІМДІЛІК-АСЫЛ ҚАСИЕТ» АТТЫ ТЕРАПИЯЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз