adilettv Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Регион Саясат Түркістан

МАҚТААРАЛДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 20 МЫҢҒА ЖУЫҚ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Мақтаарал ауданында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылды.

Табиғатты қорғау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және аудан аумағын көгалдандыруды мақсат еткен игі шараға аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері, жастар мен еріктілер және түрлі сала өкілдері белсенді қатысты.
Сенбілік барысында тұрғындар белгіленген аумақтарға 19 500 түп қара ағаш көшетін екті. Жалпы экологиялық шараға 1500-ге жуық адам қатысып, тазалық жұмыстарына атсалысты. Қатысушылар көшет отырғызылған аумақтар мен арық-атыздарды тазалап, су арналарының бойындағы қоқыстарды жинады. Сонымен қатар, жаңадан егілген көшеттердің дұрыс жерсініп, уақытылы суарылуын қамтамасыз ету мақсатында ағын судың жүру жолдары ашылып, арықтардың су өткізу мүмкіндігі ретке келтірілді.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ДСМ: 660-ТАН АСТАМ ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТТЫҢ АТАУЫ БОЙЫНША БАҒАНЫҢ ТӨМЕНДЕУІ ТІРКЕЛДІ

Admin

АЛИКА МҰХАМАДИЕВА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ АЛАУЫЗДЫҚ ТУДЫРҒАНЫ ҮШІН СОТТАЛДЫ

Admin

АЛМАТЫДА ҰСТАЛҒАН БЛОГЕРЛЕРДІҢ СОТЫ ӨТІП ЖАТЫР

Admin

Пікір қалдырыңыз