21.3 C
Shymkent
21 мая, 2026
adilettv

ҚАЗАҚСТАН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 500-ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына ұлттық құраманы сапалы дайындауға арналған жұмыс кеңесін өткізді.
Жиында ұлттық команданың құрамын қалыптастыру, спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және басым спорт түрлеріндегі дайындықты тиімді ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Биылғы Азия ойындары бағдарламасына 43 спорт түрі енген. Спортшылар 438 медаль жиынтығы сарапқа салады. Алдын ала болжам бойынша, Қазақстан құрамасынан Азиадаға 30-дан астам спорт түрінен 500-ге жуық спортшы қатысады.
Министрлік ұлттық спорт федерацияларымен бірлесе отырып дайындық жоспарын жасады. Онда оқу-жаттығу жиындарын өткізу, халықаралық жарыстарға қатысу, сондай-ақ спортшыларға медициналық, ғылыми және әдістемелік қолдау көрсету қарастырылған.
Дайындық барысында арнайы штаб құрылып, ең көп медаль алу мүмкіндігі бар басым спорт түрлері анықталды.
Ұлттық құраманы жасақтауда спортшыларды ашық және әділ іріктеуге баса назар аударылды. Іріктеу халықаралық жарыстардағы, соның ішінде әлемдік және Азия чемпионаттарындағы, сондай-ақ іріктеу турнирлеріндегі нәтижелерге негізделеді.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуі

AdiletTV

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА ЖҮЗДЕН АСТАМ ЕЛДІ МЕКЕНГЕ СУ БАСУ ҚАУПІ ТӨНДІ

AdiletTV

Құрметті Шымкент қаласының мотокөлік жүргізушілері ағымдағы жылдың 5 сәуірінен бастап заңнамаға өзгерістер еңгізіледі,оған сәйкес мопедтер механикалық көлік құралдарына теңестіріледі.Бұл көліктің осы түрінің иелері үшін жаңа ережелерді талап етеді.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз