adilettv

МҰХТАР ШАХАНОВ ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМІНЕ ТҮСТІ

Қазақтың көрнекті ақыны әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов жансақтау бөліміне жатқызылды. Бұл туралы Мұхтар Шаханов қорының төрағасы Нұржігіт Ысқақ әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Қор басшысының айтуынша, 84 жастағы қаламгердің денсаулығы күрт сыр берген.

Нұржігіт Ысқақ өз жазбасында ақынның ұлт мүддесі жолындағы еңбегін ерекше атап өтті. Ол Шахановтың Кеңестік жүйе кезінде Кремль төрінде Желтоқсан оқиғасы туралы ақиқатты айтып, басын бәйгеге тіккен ерлігін еске салды. Қор төрағасы бүкіл қазақ елі мен түркі әлемін ақынның тез сауығып, ортамызға оралуы үшін тілеулес болуға шақырды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АППАРАТ ОТЫРЫСЫ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

AdiletTV

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БІРҚАТАР МЕМЛЕКЕТТІҢ ЕЛШІЛЕРІНЕН СЕНІМ ГРАМОТАЛАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

AdiletTV

ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІ – ӘДІЛДІК, ЖЕҢІЛДІК ЖӘНЕ ДАМУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ҚАДАМ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз