28.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
adilettv

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА МОБИЛЬДІ АҚША АУДАРЫМДАРЫНА ҚАТЫСТЫ ЕСЕП БЕРУ ҮШІН 30 КҮН БЕРІЛДІ

Қазақстанда мобильді ақша аударымдарын бақылау күшейтіліп жатыр. Мемлекеттік кірістер органдары азаматтардың банк карталары арқылы жүргізілетін қаржылық операцияларын талдап, кәсіпкерлік қызмет белгілері бар аударымдарды анықтауға кірісті. Осыған байланысты кейбір қазақстандықтарға салық декларациясын тапсыру немесе түсініктеме беру үшін 30 күн мерзім беріледі.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, тексеру барысында мобильді аударымдар үш негізгі критерий бойынша сараланады. Атап айтқанда:

🔶 100 немесе одан да көп әртүрлі жеке тұлғалардан ақша аударымының түсуі;

🔶 аударымдардың қатарынан үш айлық кезең ішінде жүзеге асырылуы;

🔶 түскен қаражаттың жалпы сомасы 1 020 000 теңгеден асуы.

Аталған талаптардың барлығына бірдей сәйкес келетін жағдайлар ғана тәуекел санатына енгізіледі. Бұл шаралар жасырын кәсіпкерлік қызметтің алдын алу, салық төлеуден жалтаруды азайту және қаржылық ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған.

Мамандардың айтуынша, күнделікті тұрмыстық мақсаттағы аударымдар — туыстарға көмек көрсету, достар арасындағы қарыз қайтару немесе мерекелік жиындарға ақша жинау сияқты жеке операциялар тексеруге негіз болмайды. Бақылау көбіне тұрақты түрде табыс табу мақсатында жүргізілетін жүйелі аударымдарға бағытталған.

Егер азаматтың есепшотындағы операциялар күмән тудырса, салық органдары оған ресми хабарлама жолдайды. Хабарлама алған азамат 30 жұмыс күні ішінде тиісті салық декларациясын тапсыруы немесе ақша аударымдарының сипаты жөнінде түсініктеме беруі тиіс.

Сарапшылардың пікірінше, қазіргі таңда көптеген кәсіпкерлер тауар немесе қызмет ақысын мобильді аударым арқылы қабылдайды. Алайда заң талаптарына сәйкес, кәсіпкерлік қызмет міндетті түрде тіркеліп, табыс заңды түрде декларациялануы қажет.

Мемлекеттік кірістер органдары азаматтарды қаржылық операцияларды жүргізу кезінде заң талаптарын сақтауға шақырады. Сонымен қатар мамандар жеке және кәсіпкерлік мақсаттағы банк карталарын араластырмауға кеңес береді. Бұл болашақта түсінбеушіліктер мен артық тексерулердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, мобильді аударымдарды бақылау кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр және бұл жүйе көлеңкелі экономиканы азайтуға бағытталған негізгі құралдардың бірі саналады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖЕЛ ЭНЕРГИЯСЫН ӨНДІРУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

AdiletTV

Устройство «Кибер-Шериф» для обеспечения безопасности дорожного движения работает по 5 направлениям в городе Шымкент.

AdiletTV

ҚАЗАҚТА КЕЛ ДЕМЕК БАР, КЕТ ДЕМЕК ЖОҚ!

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз