15.3 C
Shymkent
12 октября, 2026
adilettv Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Саясат

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ КАСПИЙ ЭКОЛОГИЯ САММИТІНДЕ СӨЗ СӨЙЛЕДІ

Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы Каспий экология саммитін өткізу туралы өзекті бастаманы дер кезінде көтерген Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке ризашылығын жеткізді.

Мемлекет басшысы Каспий теңізінің аймақ халқы үшін стратегиялық маңызы зор екеніне тоқталып, бүгінгі кездесудің тарихи сипатын атап өтті.
– Каспий – бірегей табиғи қазына, миллиондаған адамның тіршілік көзі, күллі Еуразия құрлығындағы негізгі көлік және энергетика торабы. Сондықтан теңіз экожүйесін сақтауға, ең алдымен, біздің мемлекеттеріміз мүдделі болуы керек. Осы орайда, мұны тек экологиялық дағдарыс емес, салдары өте қауіпті экономикалық ахуал деп бағалаған Иран Президенті Масуд Пезешкиан мырзаның пікірін құптаймын. Егер қазір жедел әрі батыл шаралар қабылданбаса, экологиялық жағдай күрт нашарлауы ықтимал. Бұл Каспий маңында орналасқан елдердің халқына ғана емес, әлемдік қоғамдастыққа да зардабын тигізеді. 2000 жылдан 2025 жылға дейін тартылған теңіз аумағы 16 мың шаршы шақырымнан асты. Жекелеген учаскелерде су жағадан ондаған шақырымға дейін алыстап кеткен. Каспийге келіп құятын өзен суының азаюы, климаттың жылынуы, антропогендік жүктеменің артуы нәзік табиғи жүйе мен теңіздің биоалуантүрлілігіне өте жағымсыз әсер етіп, орасан нұқсан келтіреді. Каспий итбалықтарының ахуалы қатты алаңдатады. Соңғы ғасырда олардың саны 1 миллионнан 270 мыңға дейін азайды, – деді Мемлекет басшысы.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЕЛІМІЗДЕ БЕТІН БҮРКЕГЕН МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Admin

Мемлекет басшысы Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясында сөз сөйледі

Admin

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА АРНАЙЫ ЖҰМЫСШЫ ТОП ШАРУАЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУЛАРДЫ ТҮСІНДІРДІ

admin

Пікір қалдырыңыз