21.3 C
Shymkent
19 октября, 2026
adilettv Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Регион Саясат Түркістан Экономика Экономика

ТҮРКІСТАНДА 80 ОРЫНДЫҚ ЗАМАНАУИ ПЕРЗЕНТХАНА АШЫЛАТЫН КҮН ЖАҚЫН

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласында Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті, Мәртебелі Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның есімі берілген 80 төсектік перзентхананы аралап, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Медициналық нысан демеушілік қаражат есебінен салынуда. Жоба өңірдегі ана мен бала денсаулығын қорғау, жүкті әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған.
Перзентхананың жер учаскесінің жалпы ауданы – 3,3 гектар, ғимараттардың жалпы ауданы – 17 287,98 шаршы метр.
Нысанда жүкті әйелдерге, босанатын және босанған аналарға, сондай-ақ жаңа туған нәрестелерге мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге барлық жағдай қарастырылған. Мұнда босандыру және операциялық бөлімдер, жүкті әйелдер патологиясы, ана мен баланың бірге болуы, жаңа туған нәрестелер реанимациясы және шала туған сәбилерді күту бөлімшелері орналасады.
Перзентханада перинаталдық көмектің III деңгейіне сәйкес жоғары қауіп тобындағы жүкті әйелдерге, ауыр жағдайдағы аналарға және қарқынды медициналық көмекті қажет ететін нәрестелерге көмек көрсету көзделген. Бұл күрделі жағдайларда медициналық көмекті бір жерде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Медициналық мекеме заманауи жабдықтармен қамтылады. Инженерлік инфрақұрылымында автономды жылыту жүйесі, орталықтандырылған су және кәріз жүйелері, резервтік электрмен жабдықтау көздері, медициналық газдар жүйесі, механикалық желдету және 73 бейнебақылау камерасы қарастырылған.
Облыс әкімі нысанды аралау барысында құрылыс сапасына, инженерлік жүйелердің дайындығына және медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге назар аударды.
Жаңа перзентхана іске қосылғанда Түркістан өңірінде ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмектің мүмкіндіктері кеңейіп, жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге мамандандырылған медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға жол ашылады.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫН ТАҒАЙЫНДАДЫ

Admin

Абай облысы Мақаншы ауданындағы су тасқыны видеоға түсірілді

admin

ТӘРТІП САҚШЫЛАРҒА  137 ҚЫЗМЕТТІК АВТОКӨЛІК БЕРІЛДІ

Admin

Пікір қалдырыңыз