15.3 C
Shymkent
19 октября, 2026
adilettv Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Полиция Регион Саясат Шымкент

«ҚАУІПСІЗ ҮЙ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

Шымкент қаласының Еңбекші ауданында 5 қазан мен 5 қараша аралығында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Оның мақсаты – тұрғын үйлердегі қауіпсіздікті күшейту, ұрлық пен алаяқтықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау.

Іс-шара барысында аудандық полиция басқармасының қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар тұрғын үй секторын тексеріп, көпқабатты үйлердің кіреберістеріндегі бейнебақылау камераларының, домофондар мен сыртқы жарықтандыру жүйелерінің жай-күйін зерделейді. Сонымен қатар тұрғындарға жеке мүлкін қорғау жолдары түсіндіріліп, пәтер ұрлығының алдын алуға арналған ақпараттық жадынамалар таратылады. Полиция қызметкерлері жалға берілетін пәтерлерді де тексеріп, күмән тудыратын жағдайларды анықтауға назар аударады. Бұдан бөлек, профилактикалық есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары араланып, олармен құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл бағытта цифрлық бақылау құралдары да қолданылады. Пробация қызметінің қызметкерлері қызметтік планшеттер арқылы қажетті ақпараттық базалармен жұмыс істейді. Электрондық бақылау құрылғыларын пайдаланатын азаматтарға оларды қолдану тәртібі түсіндіріліп, белгіленген талаптарды сақтау қажеттігі ескертіледі. Сонымен қатар криминалдық полиция қызметкерлері тұрғындарға интернет-алаяқтықтан сақтану жолдарын түсіндіреді. Мамандар банк карталарының деректерін, құпиясөздер мен жеке мәліметтерді бейтаныс адамдарға бермеуге шақырады. Іс-шара аясында Еңбекші ауданының прокуратурасы да «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде жол қауіпсіздігін нығайту бағытында жұмыс жүргізуде. Құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мұндай шаралардың маңызы зор. Егер күдікті жағдай байқалса немесе құқықтық көмек қажет болса, тұрғындар полицияның 102 нөміріне хабарласа алады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Хабарландыру

Admin

«Қатаң бақылауды қамтамасыз ету». Президент Тоқаев Әлихан Смайыловты қабылдады

admin

ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫҢ БОЙЫНДАҒЫ ПАТРИОТИЗМ – БОЛАШАҚҚА ДЕГЕН ШЫНАЙЫ ҰМТЫЛЫС

Admin

Пікір қалдырыңыз