adilettv

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА 190 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

Түркістан облысы Отырар ауданының Көксарай ауылында 190 орындық «Көксарай» бөбекжай-балабақшасы пайдалануға берілді. Жаңа нысанның салтанатты ашылу рәсіміне облыстық білім басқармасының басшысы Ғалымжан Орынов пен аудан әкімі Қайрат Жолдыбай қатысып, ауыл тұрғындарын қуанышты жаңалықпен құттықтады.

Балабақшада бүлдіршіндердің дамуына, сапалы тәрбие мен білім алуына барлық жағдай жасалған. Халқы 5 мыңнан асатын ауылда заманауи балабақшаның ашылуы – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігін арттырып, бүлдіршіндерге сапалы тәрбие алуға мүмкіндік беретін маңызды әлеуметтік нысан.
Салтанатты іс-шарада балабақшаның бой көтеріп, ел игілігіне берілуіне ұйытқы болған құрылтайшы Мүталхан Саттарға ерекше алғыс білдіріліп, ауылдың әлеуметтік дамуына қосқан үлесі мен ел болашағына жанашырлығы үшін арнайы Алғыс хат табысталды.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

16 жасар шымкенттік есірткі жарнамалағаны үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 20 ЖАСТАҒЫ ЖІГІТТІ ӨЛТІРІП, ДЕНЕСІН ӨРТЕГЕН 9-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ 8 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

Admin

ШЫМКЕНТТЕ 2026 ЖЫЛЫ МӘЖБҮРЛІ ТҮРДЕ ТАРАТЫЛАТЫН САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ БАСТАПҚЫ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

Admin

Пікір қалдырыңыз