adilettv

ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ СОТЫНДА “МЕДИАЦИЯ-БЕЙБІТ КЕЛІСІМНІҢ НЕГІЗІ” ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Іс-шараға Төлеби аудандық сотының төрағасы Ғ.Д. Байарыстан, судьясы Г.С.Жусупжанова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.А. Ахтаев, билер кеңесінің төрағасы М.А. Бекболатов, аналар кеңесінің төрайымы А.А.Рахишова, АПБ бастығының орынбасары А.Х. Аширбаев, аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының м.а. Д.Б. Жунисбеков, әкім аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің бас инспекторы Е.Ж. Сыздыкпаев, ауданның бас имамы Ү.М. Саурбаев және кәсіби медиаторы А.Б. Тұрас қатысты.

Іс-шараны Төлеби аудандық сотының төрағасы Ғ.Д. Байарыстан ашып, күн тәртібімен таныстырды.
Жиында келесі баяндамалар тыңдалды:
Төлеби ауданының кәсіби медиаторы А.Б. Тұрас – «Медиацияның мәні, мақсаты және принциптері»;
Билер кеңесінің төрағасы М.А. Бекболатов – «2026 жыл бойынша бітімгершілікпен аяқталған даулар бойынша қорытынды»;
• Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.А. Ахтаев – «Дауларды алдын алу шаралары»;
АПБ бастығының орынбасары, полиция майоры А.Х. Аширбаев – «Медиациялық бітімгершіліктің әкімшілік құқықбұзушылық және қылмыстық істерде қолданылуының тиімділігі».
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Admin

ЧИТАТЕЛИ ТОЖЕ ДЕЛАЮТ ВЫБОР

Admin

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ «SHYMKENT OPEN» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КАРАТЭ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

Admin

Пікір қалдырыңыз