23.3 C
Shymkent
27 мая, 2026
Жаңалықтар Қоғам Экономика

Ақпан айында инфляция Қазақстандағы тарихи көрсеткіштерден асып түсті

Ақпан инфляциясы Қазақстандағы тарихи көрсеткіштерден асып түсті. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Aspan.info

Ұлттық банк басшысы атап өткендей, жылдық инфляция 2024 жылғы ақпанда 9,3 пайызға дейін баяулады. Бұл жағдайда оның баяулау қарқыны төмендейді.

«Ағымдағы жылдың ақпан айындағы айлық инфляция орташа Тарихи мәндерден едәуір жоғары қалыптасты. Ақпан айында маусымдық және әкімшілік факторлардан басқа, нарықтық тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі жеделдеді», — деді Сүлейменов.

Қазіргі жағдайда ақша-несие саясатын жеңілдету кеңістігі айтарлықтай шектеулі, деп қосты ол. Инфляция факторларының қалыптасып отырған балансы, оның ағымдағы қарқынының динамикасы таяудағы шешімдер шеңберінде базалық мөлшерлемені қол жеткізілген деңгейде сақтаудың жоғары ықтималдығын шарттайды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АҚШ билігі смартфондар нарығын монополияландырды деп айыптап, Apple компаниясына қарсы іс қозғады

admin

ТҮРКИЯ ЕЛШІСІ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ЖОҒАРЫ БАҒАСЫН БЕРДІ

admin

Алматылықтар жер сілкінісі кезінде қараусыз қалған бомба қоймаларында тәртіп орнатуды сұрайды

admin

Пікір қалдырыңыз