Шымкент

ҚАЛАМЫЗДЫҢ 79 ЕЛДІ МЕКЕНІ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН

Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингінде Шымкент қаласы инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысының орынбасары Азат Қайнарұлының  2023жылы атқарылған жұмыстары,сондай- ақ ағымдағы жылға жоспарлары талқыланды.Айта кетейік  қәзіргі таңда 81 елді мекеннің 79ы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіліп отыр.

Аталған баспасөз конференциясында басқарма басшысының орынбасары іске асырылған жобалар мен 2024-2028 жылдарда іске асырылатын жоспарларымен таныстырды. 2023 жылы жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында бюджеттен 5,0 млрд теңге қаржы қаралғанын айтты.

Айта кетейік 2023 жылдың қорытындысына сәйкес құрылыс жұмыстарына 9,5млрд теңге бөлініп жыл қорытындысымен Қайнарбұлақ  тұрғын алабы және Еңбекші ауданы бойынша 7елді мекеннің  жаңа құрылыс аумақтарында ауыз су жүйесінің құрылысы,сонымен қатар 2024жылы  Құрсай, Сайрам тұрғын алабы аумақтарын 100 пайыз су жүйесімен қамтамасыз ету жоспарлануда.

 

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӘКІМДЕР МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЖҰМЫСҚА ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛДІ

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА 5 МЫҢНАН АСА КӨШЕТ ЕГІЛДІ

Шымкентте патрульдік полиция командирі қорқытып алғаны үшін ұсталды

Пікір қалдырыңыз