Ақпарат

Албаниядағы орман өрті басылар емес

24kz.-тің мәліметі бойынша, екі аптадан аса уақыт өтсе де, мамандар әлі күнге дейін орман өртін сөндіре алмай жатыр.

Өз кезегінде Қытай лай көшкінінің зардабымен күресуде. Құтқару жұмысына жүздеген маман тартылған. Албанияда орман өртеніп жатыр. Тілсіз жау жүздеген гектар алқапты күлге айналдырған. Әсіресе Либражд, Грамши, Химара мен Конисполи аймақтарындағы жағдай күрделі. Сондықтан аталған өңірлерге 300-дей маман жіберілген. Ондаған техника тартылған. Қызыл жалынды тезірек ауыздықтау үшін тікұшақ та қолданылып жатыр.

Бірақ оған аймақтағы аптап пен екпінді жел кедергі келтіріп тұр, — дейді өрт сөндірушілер.

Жергілікті полиция орманға қасақана өрт қойды деген күдікпен 5 адамды қамауға алды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қоқыстан бесік тауып алған Жұлдыз Әбдукәрімова көз жасын тыя алмады

Елордада жаңа әлеуметтік жоба іске қосылды

AdiletTV

Үндістан мен Бангладеш арасындағы шекара қауіпсіздігі күшейді

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз