adilettv

АЛМАТЫДА ЖОҒАЛЫП КЕТКЕН 25 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗ ҚОҒАМДЫҚ ӘЖЕТХАНАҒА ҚҰЛАП КЕТКЕН

10 наурыз күні үйінен шығып кеткен алматылық қыз біраз уақыт байланысқа шықпаған соң, туыстары алаңдаған. Анасының айтуынша, қыздың денсаулығында ерекшеліктер бар болғандықтан, оның ұзақ уақыт хабарсыз кетуі үлкен алаңдаушылық тудырған.

Ақпаратқа сәйкес, кейін белгілі болғандай, ол қоғамдық әжетхананың ішіне құлап кетіп, өздігінен шыға алмай қалған.

Қызды Алматы қаласы Түрксіб ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Олжас Оразалиев тауып алған.

Оның мұқияттылығы мен жедел әрекетінің арқасында қыз дер кезінде табылып, аман-есен құтқарылды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ АҒАШ ҚҰЛАП, БАЛА КӨЗ ЖҰМДЫ: ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ДЕРЕКТЕР ШЫҚТЫ

AdiletTV

ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БЕЛСЕНДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

AdiletTV

Таяу күндері Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ел тізгінін қолына алғанына алты жыл толады

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз