22.3 C
Shymkent
31 мая, 2026
adilettv

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ – ХАЛЫҚ СЕНІМІН АҚТАУДА

Шымкент қаласында «AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен кезекті мобильді қоғамдық қабылдау өтті. Шараның мақсаты-тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, олардың өтініш тілектерін жедел қарау.

Сайрам тұрғын алабының ауыл биілері «AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдауына қатысып, жергілікті тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелерді көтерді. Олардың айтуынша, партия өкілдері халықпен ашық пікір алмасып, барлық проблемаларды жүйелі түрде шешуге дайын екенін жеткізді.

Кездесуге қатысқан Қаратау аудандық әкімдігінің инфрақұрылым және дамыту бөлімінің басшысы Ерғали Бектаев та ауыл билерінің көтерген мәселелеріне назар аударып, нақты шешім жолдарын ұсынды.

Шымкент қаласында «AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдауы жалғасуда. Бүгінгі қабылдау шалғай елді мекендердің бірінде өтіп жатыр. «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Гүлжанат Баевтованың айтуынша, жыл басынан бері партия өкілдері 23 елді мекенді аралап, 500-ге жуық азаматтың өтінішін қабылдаған. Оның ішінде 46–50 пайызы өз оң шешімін тапқан.

Тассай елді мекенінің ауыл биі Өндірбайұлы Талдыбек «AMANAT» партиясына алғысын білдірді. Оның айтуынша, партия бастамасымен ұйымдастырылған игі істер ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға үлкен үлес қосуда.

Ауыл тұрғындары партия бастамасын оң бағалап, өзекті мәселелердің шешім табатынына сенімдерін білдіріп отыр.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЗАҢСЫЗ АЛКОГОЛЬ ӨНДІРЕТІН ЖАСЫРЫН ЦЕХ ӘШКЕРЕЛЕНДІ

AdiletTV

Түркістан облысы: МӘМС 2024 жылы жұмыс берушілер мен бірнеше жерде жұмыс істейтін адамдар қанша жарна төлейді?

AdiletTV

Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев отставкаға кету туралы өтініш берді.

admin

Пікір қалдырыңыз