22.3 C
Shymkent
15 июня, 2026
adilettv

АСТАНАДАҒЫ AMANAT ПАРТИЯСЫНЫҢ МАҢДАЙШАСЫ «ӘДІЛЕТ» ДЕП ӨЗГЕРТІЛДІ

Астанадағы Amanat партиясының орталық аппараты орналасқан ғимараттың маңдайшасындағы жазу өзгертіліп, оның орнына «Әділет» атауы орналастырылды. Әлеуметтік желілерде тараған суреттер мен бейнематериалдардан ғимараттың сыртқы бөлігінде жаңа атау көрініс тапқанын байқауға болады.

Белгілі болғандай, мұндай өзгерістер тек елордамен шектелмейді. Қазіргі уақытта партияның өңірлік филиалдары орналасқан ғимараттарда да жаңа маңдайшаларды орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл бастама республика бойынша кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Әзірге партия өкілдері атаудың өзгеруіне қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. Дегенмен жаңа атаудың пайда болуы қоғамда түрлі пікірталас тудырып, саяси ұйымның алдағы қызметі мен мүмкін болатын құрылымдық өзгерістері туралы болжамдардың көбеюіне себеп болды.

Айта кетейік, Қазақстанның саяси тарихында билік партиясының атауын өзгерту тәжірибесі бұған дейін де болған. 2006 жылдың шілде айында «Асар» партиясы, сондай-ақ бірқатар өзге саяси ұйымдар «Отан» республикалық саяси партиясының құрамына бірігу туралы шешім қабылдаған еді. Соның нәтижесінде елдегі жетекші саяси күштердің бірі саналатын «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы құрылды.

Кейінгі жылдары партия бірнеше мәрте жаңғыру кезеңінен өтті. 2022 жылы өткен кезектен тыс съезде ұйымның атауы «Amanat» партиясы болып өзгертілді. Сол кезде бұл шешім партияны жаңғырту және қоғаммен байланысты нығайту мақсатында қабылданғаны айтылған болатын.

Енді партия ғимараттарында «Әділет» атауының пайда болуы қоғамдық-саяси ортада жаңа өзгерістердің бастамасы болуы мүмкін деген пікірлер айтылуда. Алайда бұл жөнінде нақты ақпарат пен ресми мәлімдеме жарияланған жоқ.

Материал әзірленген уақытта аталған өзгеріске қатысты құзырлы тараптардың ресми түсіндірмесі күтілуде.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

НЕБО, РАДОСТЬ И ЕДИНСТВО: ШЫМКЕНТ ОТМЕТИЛ ПРАЗДНИК В ЯРКИХ КРАСКАХ

AdiletTV

ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІ – ӘДІЛДІК, ЖЕҢІЛДІК ЖӘНЕ ДАМУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ҚАДАМ

AdiletTV

ШЫМКЕНТ: ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘРТІПТІ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз