19.3 C
Shymkent
10 сентября, 2026
adilettv

ТҮРКІСТАН: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ РУХАНИЯТ САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев мәдениет саласының өкілін қабылдады. Еркін пікір алмасып, ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.
🔹Қабылдауға келген азаматтар мәдениет, руханият саласын дамытуда маңызды бастамаларын жеткізіп, бірқатар жобаларымен таныстырды.
🔰Кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары Мемлекет басшысы мәдениет саласын әрдайым басты назарда ұстайтынын айтып, ұлт руханиятының бір бөлшегі саналатын мәдениет саласының жұмысын жандандыру, туындаған мәселелердің дер кезінде шешімін табу – ортақ міндет екенін жеткізді. Сонымен қатар барлық ұсыныстар жан-жақты зерделеніп, заңнама талаптарына сәйкес қаралатынын атап өтті.
📌Айта кетейік, Түркістан облысында тұрғындарды жеке қабылдау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Алдағы уақытта да азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдау, оларды заң аясында шешу бағытындағы жұмыстар жалғасатын болады.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТАЗА ҚАЛА: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖӘНЕ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ

AdiletTV

ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГІ АГЕНТТІГІ АЗАМАТТАРДЫ ТЕЛЕФОН ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫНАН САҚ БОЛУҒА ШАҚЫРАДЫ

AdiletTV

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҮН ІШІНДЕ 18 ЖАСТАҒЫ ЖІГІТТІ ӘКЕСІНІҢ КӨЗІНШЕ АТЫП КЕТТІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз