26.8 C
Shymkent
13 июля, 2026
Ақпарат

Атыраудағы мұнай компаниясына 13,6 млрд теңге айыппұл салынды

Өндірілген айыппұл Ұлттық қорға аударылды. Атырау облыстық прокуратурасының мәліметінше, табиғатты қорғау саласының басым бағыты – қауіпті қалдықтар айналымына тұрақты қадағалау жүргізу.
«Мәселен, «Каспий нефть» АҚ-ның 2021-2022 жылдары бұрғылау және кен орнын пайдалану кезінде 4500 тоннадан астам қауіпті қалдықтарға жинақталу лимитін алмағаны анықталды. Прокурордың ұсынысын қарау нәтижесі бойынша Атырау облыстық сотының сот алқасының 2 шілдедегі қаулысымен «Каспий нефть» АҚ ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 13 684 868 730 теңге айыппұл салынды», – деп хабарлады облыстық прокуратурадан.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Су тасқыны. Зардап шеккендердің коммуналдық төлемдері кейінге қалдырылады

AdiletTV

БАЛАЛАР ТЕМІР ЖОЛЫНЫҢ БОЙЫ ЖАҢА СЕРУЕН АЙМАҒЫНА АЙНАЛАДЫ

AdiletTV

Қостанай облысында мал шығыны үшін 113 млн теңге өтемақы берілді

Пікір қалдырыңыз