24.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
Ақпарат Саясат

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ГФР ФЕДЕРАЛДЫҚ КАНЦЛЕРІ ОЛАФ ШОЛЬЦПЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ

Қазақстан Президенті Германия Федеративтік Республикасы Федералдық канцлері Олаф Шольцпен телефон арқылы сөйлестіГермания тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Олаф Шольц екіжақты қатынастардың практикалық мәселелерін талқылады.Атап айтқанда, Мемлекет басшысының былтыр қыркүйек айында Берлинге жасаған ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға баса мән берілді.

Тараптар сауда-экономикалық ықпалдастық қарқыны жоғары екеніне ерекше назар аударып, іскерлік байланыстарды нығайтуға және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға өзара қызығушылық танытты.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Олаф Шольц өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, екі елдің халықаралық аренадағы күш-жігерін үйлестірудің маңыздылығына назар аударды. Осы орайда тараптар алдағы уақытта Астанада «Орталық Азия – Германия» форматында өтетін жоғары деңгейдегі кездесудің мәні зор екенін атап өтті.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шетелден әкелінген 60 тонна қызанақтан вирус табылды

AdiletTV

ЕСІРТКІНІ САҚТАУҒА ЖӘНЕ САТУҒА ҚАТЫСЫ БАР ЕКІ АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

AdiletTV

АЭС-тің көмірқышқыл газы ауаны ластамайды — шетел сарапшылары

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз