11.3 C
Shymkent
15 октября, 2026
adilettv

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Аппаратының басшысы болып Қуаныш Дайырбеков тағайындалды.

Қуаныш Дайырбеков 1978 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын және Құқықтану және халықаралық қатынастар қазақ институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы Астана қаласында «Қазмортрансфлот» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясында инженер болып бастаған.

2002 жылы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігінің Өндірістік емес төлемдер департаментінің жетекші маманы.

2002–2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдарында жетекші маманнан басқарма басшысына дейінгі түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2013–2016 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Қаржы және бюджет комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты.

2016–2025 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінде консультанттан бөлім меңгерушісінің орынбасарына дейінгі түрлі лауазымдарда еңбек еткен.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНЕ БАРДЫ

Admin

ГОРОД ШЫМКЕНТ: ИНДУСТРИАЛЬНЫЕ ПРОЕКТЫ И ИНВЕСТИЦИИ

Admin

ҚАЛАМЫЗДА ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ ПЕН ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫ ЖИІЛЕП ОТЫР

Admin

Пікір қалдырыңыз