28.3 C
Shymkent
22 августа, 2026
adilettv

БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ЖЫМҚЫРҒАН ШЕНЕУНІККЕ ҚАТЫСТЫ СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ

Шығыс Қазақстан облысында бюджеттен 6,7 миллион теңге жымқырғаны үшін ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының еншілес ұйымы – КАЖсервис ЖШС филиалының бұрынғы басшысы сотталды.

Тергеу мәліметіне сәйкес, заңбұзушылық аталған компанияның Шығыс Қазақстан облысындағы филиалында орын алған. Лауазымды тұлға жалған қызметкерлерді ресми түрде жұмысқа қабылдап, оларға жалақы есептеу арқылы бюджет қаражатын иемденіп отырған. Іс жүзінде бұл адамдар компанияда жұмыс істемеген.

Қаржы жымқыру фактісі 2024 жылы анықталып, осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу барысында қылмысқа филиалдың экс-директорының тікелей қатысы бары дәлелденді.

Сот үкімімен ол 2 жыл 9 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілген. Алайда прокуратураның апелляциялық шағымы қаралып, жаза мерзімі 3,5 жылға дейін ұлғайтылды.

Сонымен қатар сот келтірілген шығынды толық көлемде өндіру туралы шешім шығарды. Қазіргі таңда мемлекетке келтірілген залал толық өтелген.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

СИҚЫРҒА СЕНЕСІЗ БЕ?

AdiletTV

ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ЖАРЫС: ШЫМКЕНТТЕ АСЫҚ АТУДАН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ НАУРЫЗНАМА ОНКҮНДІГІ АЯСЫНДА ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫСТАР ӨТТІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз