16.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
adilettv

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

«Құқық бұзушылықтардың алдын алу жылы» деп жариялануына және «Заң мен тәртіп» қағидасына сәйкес, Жамбыл облысы Шу ауданында педагогтар мен ата-аналар арасында «Есірткісіз болашақ» тақырыбында конференция өткізілді. Конференцияға аудан мектептерінің басшылары мен педагогтары, ата-аналар қауымдастығының өкілдері және белсенділер қатысты. Іс-шара барысында төрт мектептің мұғалімдері оқушылар арасында есірткіге қарсы алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасап, тиімді тәжірибелері мен ұсыныстарын ортаға салды.
НОЛ: Қатысушылар мектеп, отбасы және құқық қорғау органдарының өзара ынтымақтастығы жас ұрпақтың есірткіге деген теріс көзқарасын қалыптастыруда және салауатты өмір салты құндылықтарын нығайтуда шешуші рөл атқаратынын атап өтті.Конференция мазмұнды және белсенді түрде,тартысты ой-пікілермен үйлесім тапты. Кездесу соңында үздік педагогтар алғыс хаттар және естелік сыйлықтармен марапатталды.Іс-шара соңы қатысушылардың дәстүрлі естелік суретке түсуімен аяқталды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

2026 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДА КЕҢІНЕН ТАРАЛҒАН ЕКІ БАНКНОТА ҚОЛДАНЫСТАН ШЫҒАДЫ

Admin

РЕСЕЙДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТ СОТТАЛДЫ

Admin

ТЕҢГЕНІҢ МӘРТЕБЕСІН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БЕКІТУ ҚАРАЛАДЫ

Admin

Пікір қалдырыңыз