13.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
adilettv

Гүлмира Сатыбалдыға үкім шықты

Қызылорда облысының сотында Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы келіні Гүлмира Сатыбалдыға үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тергеу барысында анықталғандай, Сатыбалданың ықпалымен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС 2018 жылдың күзінде Сырдария өзенінің сол жағалауына жылу желілерін тарту бойынша тендерді жеңіп алған.

Қылмыстық әрекеттерімен Гүлмира Сатыбалды кәсіпорын басшысымен бірлесіп, 441 миллион теңгені жымқырған.

«Гүлмира Сатыбалды бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін ысырап ету немесе жымқыру бойынша кінәлі деп танылсын. Гүлмира Сатыбалды мүлкі тәркіленбей, сегіз жылға бас бостандығынан айырылсын. Қамау түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылсын», — деді судья.

Сот сонымен бірге Сатыбалдыны 10 жыл бойы коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айырды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА БІР МЕЗЕТТЕ 50 БҮЛДІРШІННІҢ ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТТІ

Admin

«Қоңырау шалсам бола ма?»: алаяқтықпен тұрғындардың телефондарын жымқырған шымкенттік ұсталды

Admin

ТҮРКІСТАН МЕН РИШТАН АРАСЫНДА БАУЫРЛАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Admin

Пікір қалдырыңыз