24.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
Әлем жаңалықтары

Газа көшелері қоқысқа толып барады

Израиль бұл қоқысты шығаруға мүмкіндік бермей жатыр.
Газа билігі Израиль әскерінің қарсылығына байланысты қалада жиналған қоқысты шығара алмай отыр. Бұл туралы Tasnim ақпараттық агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ресурстың жазуынша, 2023 жылдың қазан айынан бастап Газа көшелерінде жоқ дегенде 150 мың тонна қоқыс жиналған. Палестина мен Израиль қақтығысына байланысты жергілікті билік қоқысты жинай алмай отыр. Газа муниципалитетінің хабарлауынша, қоқыс мәселесі қала тұрғындарының денсаулығына әсері бар, сонымен қатар ол түрлі аурулардың таралуына ықпал етеді.
Таяу Шығыстағы ахуал биылғы қазан айында Хамас содырларының Израиль аумағына енуінен кейін шиеленісіп кетті. Оған жауап ретінде Израиль Газа секторына шабуыл жасады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АҚШ билігі смартфондар нарығын монополияландырды деп айыптап, Apple компаниясына қарсы іс қозғады

Алматыда жер сілкінісі: Қытайда кезекті дүмпу болды

МЕДИНАНЫ СУ БАСТЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз