21.3 C
Shymkent
10 октября, 2026
adilettv

«ИПОТЕКА РӘСІМДЕУГЕ КӨМЕКТЕСЕМІН»: ШҚО-ДА ТҰРҒЫНДЫ АЛДАП СОҚҚАН КҮДІКТІ АНЫҚТАЛДЫ

Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөлімінің кезекші бөліміне қала тұрғыны алаяқтық туралы арызбен жүгінген. Оның айтуынша, бір әйел оның сеніміне кіріп, ипотека рәсімдеуге көмектесуге уәде беріп, 3 миллион теңгеден астам ақшасын иемденіп кеткен.

Жәбірленушінің айтуынша, 2023 жылдың желтоқсан айында ол тұрғын үй сатып алуға жәрдемдесу қызметтері туралы жарнаманы көрген. Алайда күдікті ақшаны алғаннан кейін байланысқа шығуды тоқтатқан.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Полиция азаматтарды қырағы болуға шақырады. Күмәнді хабарландыруларға сенбеуді және ресми шартсыз белгісіз адамдарға ақша бермеуді ескертеді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢАРТЫЛУДА

Admin

Шымкент қаласы: Абай АПБ ЖПҚ №14 тірек пунктінде 11-айында жалпы 18 қылмыс тіркеліп оның ішінде 11 интернеттік аляқтық қылмыстары болса оның ішінде ҚР ҚК-ң 300 бабымен 2 қылмыс тіркеліп ашылды

Admin

Түркістан қаласына жаңа әкім тағайындалды.

Admin

Пікір қалдырыңыз