adilettv

ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен экологиялық қауіпсіздік мәселелері мен оларды жүйелі түрде шешу жолдары бойынша арнайы кеңес өтті. Кездесуге аудан әкімдері, салалық басқармалар мен департаменттердің басшылары, өндірістік кәсіпорындарының өкілдері және экологиялық қоғамдастық мүшелері қатысты.
Кеңес барысында экологиялық талаптардың сақталуы, табиғатты қорғау шараларының жүзеге асырылуы, сондай-ақ, ауаның сапасын бақылауға арналған автоматтандырылған мониторинг бекеттерін көбейту мүмкіндігі қаралды. Сонымен қатар, жабылған карьерлерді рекультивациялау, заңсыз қоқыс орындарын жою, су ресурстарын қорғау және қаладағы өзендердің жағалау аймақтарын тазалау мәселелері қозғалды.
Экологиялық талаптар бұзылған жағдайда жедел әрекет ету шараларына ерекше назар аударылды. Қала әкімі құқық бұзушыларға қатысты қатаң, бірақ, әділ тәсіл қолдану қажеттігін, сондай-ақ, қоршаған ортаны сақтаудағы билік органдарының, бизнестің және тұрғындардың ортақ жауапкершілігін атап өтті.
Мегаполис басшысы кеңес қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға кәсіпорындардың жұмысын бақылауды күшейтуді, ауаға шығарындыларға мониторинг жүргізуді және қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға бағытталған қосымша шаралар қабылдауды тапсырды. Жалпы, экология мәселелері мен қалада қолайлы орта қалыптастыру қала әкімінің тұрақты бақылауында болады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ЭКОЖҮЙЕСІН ЗЕРТТЕУГЕ 1,1 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

AdiletTV

Шымкентте «Таза қала» жалпы қалалық сенбілігі жоғары деңгейде өтті

AdiletTV

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА МӘРТЕБЕСІН АЛҒАНАН КЕЙІНГІ (2018–2025) ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз