16.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
adilettv

КЕЛІНІН ЗОРЛАҒАНЫ ҮШІН СОТ ШЕШІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

Ақтөбе облысының соты өгей ұлының 22 жасар әйелін зорлағаны үшін 53 жастағы ер адамға үкім шығарды, деп хабарлайды AdiletTV «Диапазон» сайтына сілтеме жасап.
Өткен жылдың 7 қарашасы Ақтөбе облысы Алға ауданының Бесқоспа ауылында ер адам келінін зорлады деген күдікке ілінгені туралы хабаландыру тараған еді.
Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша, 22 жастағы келіншек күйеуінің өгей әкесінен «зорлық көрдім» деп шағым түсірген. Қайын атасы мас күйде келінінің үйде жалғыз екенін пайдаланған.
Алға ауданының 22 жастағы тұрғынын зорлау фактісі бойынша күдікті ұсталып, қамауға алынған еді. Күдікті – енесінің 53 жастағы күйеуі. Енесі бірінші жолдасы қайтыс болғаннан кейін екінші рет тұрмыс құрған.
Айыпталушы өз кінәсін мойындамады. Алайда, сот оның ұлының әйеліне қиянат жасағанын растап, 8 жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы: Еңбекші ауданы №34 учаскелік полициясында алаяқтық қылмыстар саны 15-тен 14-ке немесе -6,7 пайызға төмендеген.

Admin

30 тамыздағы ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі

Admin

ҰЛАНДЫҚТАР АРДАГЕРГЕ АЛҒЫС БІЛДІРДІ

Admin

Пікір қалдырыңыз