Қоғам

Әлеуметтік желілерде Рудный қаласындағы мектептерге шабуыл жасалатыны туралы ақпарат таратылды

Рудный қаласында белгісіз адам әлеуметтік желілерде мектептерге шабуыл жасалатыны туралы ақпарат таратты. Бұл туралы Рудный полиция басқармасынан хабарлады AdiletTV

«Құрметті Рудный қаласының тұрғындары. Әлеуметтік желілерде мектептердің бірінде белгісіз адамдар қылмыс дайындап жатқаны туралы көрінеу жалған ақпарат таратылуда.

Бұл факт полицияда тіркелген. Жарияланымның авторын анықтау бойынша тиісті іс-шаралар жүргізілуде «, — делінген хабарламада.

Полиция азаматтардан арандатушылыққа, жалған хабарламаларды таратпауды және тек ресми деректерге ғана сенуді сұрады. Тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Заң, спорт және болашақ: Абай ауданында оқушылар ҚР прокуратурасының 35 жылдығына арналған футбол матчына қатысты

Admin

ТҮРКІСТАНДАҒЫ НАУРЫЗ ТҮРКІ ӘЛЕМІ ДЕҢГЕЙІНДЕ ТОЙЛАНДЫ

admin

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ КАСПИЙ ЭКОЛОГИЯ САММИТІНДЕ СӨЗ СӨЙЛЕДІ

Admin