21.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
adilettv

МАҢЫЗДЫ ӘҢГІМЕ: ШЫМКЕНТ ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Оңтүстік Қазақстан университетінде қалалық полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев 500-ге жуық студентпен кездесу өткізіп, ашық әрі мазмұнды диалог құрды. Жиында генерал жастармен тек ресми баяндама жасап қана қоймай, қоғамда алаңдаушылық тудырып отырған нақты мәселелерді талқылады . Атап айтқанда, сталкинг, қыз алып қашу, интернет-алаяқтықтағы «дропперлік» схемалар, есірткі тарату, вейп пен «күлдіргіш газ» қолдану, қоғамдық орындарда бет-жүзді тұмшалау және самокат жүргізу мәдениеті сөз болды.

Полицей сталкингтің қылмыс ретінде заңмен қарастырылатынын атап өтіп, қыз алып қашу дәстүр емес, адам құқығын бұзу екенін қадап жеткізді. Сондай-ақ, интернет арқылы жасалатын алаяқтыққа тоқталған полиция басшысы жастарды «оңай табыс» ұсыныстарына алданбауға шақырды. Банк картасын бөтен адамға беру қылмысқа ортақтасумен тең екенін түсіндірді. Бұдан бөлек, есірткі қоюшы болу да ауыр қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті.
Кездесу барысында арнайы бейнероликтер көрсетіліп, нақты мысалдар арқылы заң талаптары түсіндірілді. Студенттер көкейіндегі сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты.
 
– Қоғамның қауіпсіздігі әр азаматтың жауапкершілігіне байланысты. Сіздер – елдің ертеңісіздер. Біз сіздерге сенеміз және әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді Мұхтар Қожаев.
Кездесу жастарға ой салған мазмұнды алаңға айналды. Тәртіп сақшылары студенттермен профилактикалық кездесулерді алдағы уақытта да жалғастырады.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкенттік тәртіп сақшылар оқушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында сабақ өткізді.

AdiletTV

Развитие города Шымкента будет осуществляться в рамках концепции Smart City

AdiletTV

Развитие торговой и промышленной инфраструктуры в Шымкенте: модернизация рынков и малых индустриальных зон

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз