19.3 C
Shymkent
10 сентября, 2026
adilettv

«МАЛ ТИЕГЕНДЕЙ ТИЕП АЛЫПТЫ»: АҚТАУДА КОММУНАЛДЫҚ КІШІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ КАМАЗДЫҢ ЖҮК ТИЕГІШІНДЕ ТАСЫҒАН.

Бұған дейін блогер Азамат Сәрсенбаев әлеуметтік желіде коммуналдық қызметкерлердің жүк көлігімен тасымалданып жатқанын көрсеткен бейнеролик жариялаған болатын. Осыған байланысты редакциямыз Ақтау қаласы әкімдігінен кәсіпорындарда қызметкерлерді осылай тасымалдау тәжірибесі бар-жоғын сұрады.

Қала әкімінің орынбасары Ерғали Скендіровтің айтуынша, таңертең мердігер ұйымның қызметкерлерді тасымалдайтын фирмалық «Газель» көлігі бұзылып қалған. Әдетте аталған көлікпен «Green City Alatau» ЖШС жұмысшылары жеткізіледі. Осы себепті уақытша жүк көлігі пайдаланылған.

Әкімдік мәліметінше, қазіргі таңда көліктің ақауы жойылып, қызметкерлерді тасымалдау штаттық режимде жүргізілуде. Сондай-ақ «Green City Alatau» ЖШС жауапты тұлғаларына ескерту жасалған.

Дегенмен, коммуналдық қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сенімдірек көлік сатып алу мәселесін қарастыру қажет емес пе? Ең бастысы – мұндай жағдай қайталанбауы тиіс.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АСЫЛ ҚАЗЫНАМЫЗ — АТА ЗАҢЫМЫЗДЫҢ АРАЙЛЫ МЕРЕКЕСІ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҚАЛАДА 982 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

AdiletTV

ДОНОР БОЛЫП, ӨЗГЕГЕ ӨМІР СЫЙЛА!

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз