16.3 C
Shymkent
25 октября, 2026
adilettv

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ ЕРЛАН АҚКЕНЖЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

✔️Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі отын-энергетика кешенінің жағдайы, негізгі жобаларды жүзеге асыру барысы және секторды одан әрі дамыту жоспары жөнінде есеп берілді.
Ерлан Ақкенженов:
➤ мұнай саласында орнықты динамика сақталып тұрғанын айтты.
➤ мұнай өңдеуді ұлғайту жоспарын баяндады.

Сол арқылы Шымкент мұнай өңдеу зауыты жылына – 6-дан 12 миллион тоннаға, Атырау мұнай өңдеу зауыты – 5,5-тен 6,7 миллион тоннаға және Павлодар мұнай-химия зауыты 5,5-тен 9 миллион тоннаға дейін өндірістік қуатын арттырады.
➤ 2029 жылға дейін салынатын жаңа энергетикалық нысандар жайында мәлімет берді.

Биыл Алматы қаласында екінші жылу электр орталығының құрылысы аяқталады. Сонымен қатар Қызылорда мен Түркістан облыстарында бу-газ қондырғылары базасында электр станциясы бой көтереді.
➤ «Көмір өндіруді дамыту» ұлттық жобасының әзірлену барысы туралы ақпарат ұсынды.
Президент:
отын-энергетика секторын одан әрі дамыту, соның ішінде мұнай-газ, мұнай-газ химиясы және электр энергиясы салаларында жоспарланған жобаларды уақтылы әрі сапалы жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырма берді.
❗️өндірістік нысандардың тиімділігін арттыру үшін цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын белсенді түрде енгізу маңызды екеніне тоқталды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР МЕН БАҚЫЛАУ ШАРАЛАРЫ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Admin

ЖЕЛ ЭНЕРГИЯСЫН ӨНДІРУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

Admin

БЕНЗИН МЕН КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҚЫМБАТТАУЫНА ҚАТЫСТЫ

Admin

Пікір қалдырыңыз