21.3 C
Shymkent
10 октября, 2026
adilettv

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАҒА ҚАТЫСТЫ ТҮСІП ЖАТҚАН ҰСЫНЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен және Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевпен Парламенттік реформа бойынша кезекті жұмыс кеңесін өткізді. Ерлан Қарин Мемлекет басшысына Жұмыс тобының 9 қаңтарда өткен отырысында болашақ бір палаталы Парламенттің мәртебесін, өкілеттіктері мен функцияларын анықтауға, сондай-ақ биліктің басқа да тармақтарымен өзара іс-қимылына қатысты тәсілдер әзірленгенін айтты.
15 қаңтарға жоспарланған келесі отырыста жаңа Парламенттің басты мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз ету өкілеттіктері талқыланады. Ержан Жиенбаев Мемлекет басшысын конституциялық реформаға қатысты Жұмыс тобы мүшелері мен жұртшылықтан келіп түскен жаңа ұсыныстармен таныстырды.
Президент барлық пікір мен бастаманы ескеру қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ конституциялық реформа бойынша түпкілікті шешімді ел азаматтары жалпыұлттық референдумда қабылдайтынын мәлімдеді.
Сонымен қатар кездесуде Ұлттық құрылтайдың Қызылорда қаласында өтетін бесінші отырысына дайындық мәселесі қаралды. Мемлекет басшысы Құрылтай отырысын өткізуді осы жылдың 20 қаңтарына белгілеп, алдағы маңызды іс-шараны ұйымдастыру және оған тыңғылықты әзірлену жөнінде нақты тапсырма берді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ: АЛДАҒЫ 5 ЖЫЛДА 6,6 ТРЛН ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ЖҰМЫЛДЫРЫЛМАҚ

Admin

145 ҰЛАН ОТАН АЛДЫНДАҒЫ БОРЫШЫН АДАЛ АТҚАРУҒА СЕРТ БЕРДІ  

Admin

Шымкент қаласының туристік әлеуеті мен инфрақұрылымын дамыту бойынша 2025 жылдың I тоқсанындағы негізгі көрсеткіштер

Admin

Пікір қалдырыңыз