13.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
adilettv

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ ЕРЛАН ҚОШАНОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекет басшысы мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Президентке Парламент Мәжілісі қызметінің нәтижелері жөнінде мәлімет берілді. Сессия басталғалы бері 62 заң қабылданып, Сенатқа жолданған. Оның ішінде 55 заңға Президент қол қойған. Қабылданған нормативтік-құқықтық актілердің қатарында Су кодексі, сондай-ақ қаржы нарығын дамыту және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау, тауарлардың шығарылған елін айқындау, денсаулық сақтау және ойын бизнесі туралы маңызды заңдар бар.
НАЛО: Бүгінге дейін депутаттардың қарауына 76 заң жобасы келіп түсті. Президент тапсырмасына сәйкес, Салық, Құрылыс кодекстері мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға, ғылыми зерттеу аумақтарын дамытуға, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіруге және жасанды интеллектіге қатысты заң жобалары бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Мәжіліс төрағасы жаңа Салық кодексінің бірінші оқылымының қорытындыларын, Президенттің Бурабайда өткен Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстары туралы баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа депутаттардың өңірлерге іссапарлары кезінде азаматтардан түскен арыз-шағымдарды мемлекеттік органдардың қарауы, Президенттің саяси реформаларын жүйелі жүзеге асыру мәселелері пленарлық отырыстарда тұрақты талқыланып келе жатқаны жайында айтылды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЖҰМЫС ТОБЫМЕН БІРГЕ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАҒА ҚАТЫСТЫ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

Admin

ШЫМКЕНТТЕ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІ ҚАЛЫПТАСУДА

Admin

СЕМЕЙДЕ 100 ОРЫНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕ АШЫЛДЫ

Admin

Пікір қалдырыңыз