20.5 C
Shymkent
11 июня, 2026
adilettv

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ БІРҚАТАР ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Мемлекет басшысының қол қойған жаңа заңнамалық бастамалары құқық бұзушылықты профилактикалау және заңдардың жекелеген салаларын жетілдіруді көздейді. Бұл туралы Ақорданың ресми баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарламада айтылғандай, Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық бұзушылық профилактикасы және Қазақстан Республикасы заңнамасының жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойған. Құжаттың мәтіні жақын арада баспасөз беттерінде жарияланады.
Жаңа заң құқық бұзушылықты алдын алу, заңдардың тиімділігін арттыру және құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған. Мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдары бұл заң аясында өз қызметтерін жетілдіріп, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауды одан әрі қамтамасыз етеді.
Бұл қадам Қазақстанда құқықтық мәдениетті күшейтіп, заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды бастама болып отыр.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ӨТЕ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТТАРДЫҢ БІРІ

AdiletTV

Шымкент қаласы: полиция үш есірткі қоюшыны ұстады

AdiletTV

Шымкент: МӘМС жүйесінде дербес төлеушілер саны артты

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз