adilettv

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ӨКІМІМЕН ЕРЛАН РАҚЫМЖАНҰЛЫ ӨТЕГЕНОВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ерлан Рақымжанұлы Өтегенов Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа қызметке келген Ерлан Өтегенов бұған дейін Құқық қорғау органдары академиясының бастығы лауазымын атқарған. Ол прокуратура органдарында 1999 жылдан бері қызмет етеді. Әр жылдары Алматы қаласы прокурорының орынбасары, Қостанай облысы прокурорының бірінші орынбасары, Бас прокуратураның департамент бастығы сияқты жауапты қызметтерде болған.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«Таза Қазақстан»: Шымкентте қала тұрғындары мен жастар кең ауқымды экологиялық акцияға белсене қатысты

Admin

Жергілікті атқарушы органдардың жұмылуы заң жобаларын әзірлеудегі ашықтықты қамтамасыз етеді

Admin

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық орталық ауруханасында «Репродуктивті денсаулықты нығайту» тақырыбында “Ашық есік күні» өткізілді.

Admin

Пікір қалдырыңыз