16.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
adilettv

НАННЫҢ ІШІНЕН ҰСТАРА ЖҮЗІ ТАБЫЛҒАН

Астанада асқабақты ашытқысыз нанның ішінен ұстара жүзі табылған. Әйел ол нанды «Қазмедиа» ғимаратында  «Атамекен» ҰКП қатысқан «Бір ауыл – бір өнім» көрмесінен алғанын айтты. Сөзінше, ол зейнеткер сатушыны қолдағысы келіп, нанды 1500 теңгеге сатып алған. Үйге келген соң нанды кескен кезде ішінен ұстара жүзі шыққан.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл жағдайға байланысты тексеріс жүргізуді талап етіп, Санитариялы-эпидемологиялық қызмет  пен полицияға жүгінуге кеңес берді. Сатып алушы сатушымен байланысқан. Олар нанға өрнек салу үшін қолданылатын ұстара жүзі жұмысшылардың абайсызда түсіп кетуі мүмкін екенін айтып, кешірім сұраған.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ 22 КӨП ҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ ЖЕДЕЛСАТЫСЫ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Admin

В Шымкенте прошел семинар для деловых женщин

Admin

Биыл Шымкентте 26,4 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді

Пікір қалдырыңыз