16.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
adilettv

ҚОЛЫНА АРА ҰСТАП ЖҮРГЕН: АТЫРАУДА ЕР АДАМ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ЗӘРЕ-ҚҰТЫН ҚАШЫРДЫ

Атырау қаласында полиция Береке шағын ауданында тұрғындарды арамен қорқытқан ер адамды ұстады.
Оқиға 15 ақпан күні кешкі уақытта болған.
Тұрғын үйдің ауласында және подъезінде қолында арасы бар ер адамның оғаш әрекеті туралы хабарлама 102 нөміріне шамамен сағат 23:40-та түскен. Оқиға орнына дереу патрульдік полиция жетіп, құқық бұзушының жеке басын анықтады. Ол 33 жастағы ер адам болып шықты.
Медициналық куәландыру нәтижесінде ұсталған азаматтың есірткілік мас күйде болғаны анықталды. Оған қатысты «Дәрігердің тағайындауынсыз есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, сондай-ақ күшті әсер ететін заттарды қолдану» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Іс материалдары әрі қарай қарау үшін мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

РАЙЫМБЕК БАТАЛОВ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ШТАТТАН ТЫС КЕҢЕСШІСІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Admin

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасы- Инсульт дегеніміз не?

Admin

МАРИХУАНАНЫҢ ІРІ ПАРТИЯСЫ ТӘРКІЛЕНДІ

Admin

Пікір қалдырыңыз