adilettv

ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДА 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ МЕКТЕПКЕ ТАПАНША АЛЫП КЕЛГЕН.

Алдын ала мәлімет бойынша, қарудан бір рет оқ атылған. Зардап шеккендер жоқ.
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, тәркіленген қару атыс қаруы емес, пневматикалық тапанша болып шыққан. Соған қарамастан, оқиғаға байланысты оқушы мен оның ата-анасы жауапкершілікке тартылған.
«Тексеру нәтижесінде кәмелетке толмаған жасөспірім ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал оның заңды өкілі баланы тәрбиелеу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылды. Сондай-ақ білім беру органдарына оқиғаға ықпал еткен факторларды жою бойынша шаралар қабылдау туралы ұсыныс енгізілді», – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Тексеру қорытындысы шыққаннан кейін мектеп басшылығы мен білім ордасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты күзет қызметкерлерінің әрекетіне құқықтық баға берілмек.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

DIGITAL QAZAQSTAN BATTLE ФИНАЛЫ: ҰЛТТЫҚ СТАРТАПТАР БӘЙГЕСІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

AdiletTV

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТЕДІ

AdiletTV

Республика күні Шымкент — мақтаныш пен бірліктің жаңа символына ие болды.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз