adilettv

ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАРДЫ ТАРАТУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Алматыда психотроптық заттарды таратумен айналысқан екі күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Алматы қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында психотроптық заттарды жасырын қойып кету арқылы таратты деген күдікпен екі әйелді ұстады.
Күдіктілер айдап жүрген автокөліктен ұнтақ тәрізді зат салынған түйіншектер табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат психотроптық есірткі болып шықты. Тергеу барысында ұсталғандардың бірі мессенджер арқылы жұмысқа орналасқаны, анонимді куратордың тапсырмаларын орындап, ақысын криптовалюта түрінде алғаны анықталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. – Интернет арқылы азаматтарды, соның ішінде әйелдер мен жастарды психотроптық заттарды таратуға тарту деректері жиілеп кетті. Есірткіні жасырын қойып кету – бас бостандығынан айыру жазасына әкелетін қылмыс. Полиция мұндай интернет-топтардың қызметін жүйелі түрде тоқтатып, есірткі айналымына қатысты кез келген дерекке қатаң шара қолданады, – деді Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫ “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” АЯСЫНДА БІРІКТІ

AdiletTV

ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ

Бәйгеден Қазақстан чемпионаты: Ең мықтылардың жарысы Шымкентте басталады!

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз